Ömır senen jeñılmespın Lyrics
- Genre:Pop
- Year of Release:2025
Lyrics
Алыстама армандарым
Таусылған жоқ көрер қызық әлі
Бүгін бұлт ертең күн ашық
Өмір ғой шіркін мұның бәрі
Шаршағанда кейде,
Сыймағанда кейде
Әлем деген бір "тар үйге"
Талғанда өзегім
Түсінер жан іздедім
Үмітімді бір үзбедім
Өмір сенен жеңілмеспін
Дауыл бол мейлі, мейлі қарлы көшкін
Жаза басқан кездерім үшін
Өзімді де, өзгені де мен кештім
Өмір сенен қаймықпаспын
Онсызда ұзақ уақыт болдым қашқын
Бұл күні жазылдым, себебі
Өзіммен де, өзгемен де достастым.
Алыстама арман әнім,
Шала-жансар халың маған мәлім,
Өмір деген ұзақ жүріс
Ішкізетін улы нәрін
Жабырқау жазыңды,
Көңілсіз күзіңді
Үйрене алмай қойдым сүюді
Алғыс айтарым тек
Үйреттің төзуді
Ағысқа қарсы жүзуді
Өмір сенен жеңілмеспін
Дауыл бол мейлі, мейлі қарлы көшкін
Жаза басқан кездерім үшін
Өзімді де, өзгені де мен кештім
Өмір сенен қаймықпаспын
Онсызда ұзақ уақыт болдым қашқын
Бұл күні жазылдым, себебі
Өзіммен де, өзгемен де достастым.