Qulyq Oilama Lyrics
- Genre:Rock
- Year of Release:2023
Lyrics
Қулық ойлама досым, қулық ойлама
Құлдық ойлардан құтыл, құлдық ойлардан
1. Құлдық деген не?
Санадағы түрме
Алдаймын деп жүргеніңде
Алданып қап жүрме
Өмір жоян мұхит
Сен құйтақандай кеме
Желкенің тесік, қисық боп
Аударылып қалып жүрме
Біреуден жақсы іс қалад
Біреуден қалар өш
Қаңырайды бос қалар
Бағыт - бағдары жоқ көш
"Алаяқ" боп ақша қуған
Арамдықтан қаш
Қарының тойса да бір күні
Жаның қалады аш!
Қулық ойлама досым, қулық ойлама
Құлдық ойлардан құтыл, құлдық ойлардан
2. Құлдық деген не
Санадағы түрме
Білімсіздік, қараңғылық
Жарнамаларға ерме
Денең сыймас жерге
Басыңменен кірме да
Кіргеннен соң өзіңнен көр
Өзгеден көрме.
Қулық ойлама досым, қулық ойлама
Құлдық ойлардан құтыл, құлдық ойлардан
Дүние қума арман қу
Армансыз бәрі бу
Әкең, анаң,
Атаң, әжең
Іні, бауыр
Әпке-ағаң
Көрші - қолаң
Құда - жегжат
Балдыз - бажаң
Елің - жұртың
Ауыл - қалаң ей
Мақтанатын адам бол.
Қулық ойлама досым, қулық ойлама
Құлдық ойлардан құтыл, құлдық ойлардан.