Arylu Lyrics
- Genre:Pop
- Year of Release:2023
Lyrics
Өткенімді жіберем
Өкпелерімді жіберем
Мұңдарымды қоса
Жан дүнием боса
Боса боса
Боса боса
Көп арманымды өзім шектедім
Күзде екен дәндерім қыста көктеді
Мың мұңайдым
Сан ойландым
Жүз жыладым
Сондадағы басқаным жоқ
Үстін оңайдың
Мың мұңайдым
Сан ойландым
Жүз жыладым
Көз жасымды сүртіп тастап
Қайта тыңайдым
Енді
Өткенімді жіберем
Өкпелерімді жіберем
Мұңдарымды қоса
Жан дүнием боса
Боса боса
Боса боса
Түнекте де түңілмейтін
Адастырмас жол іздейтін
Қиял деген көк дөненді
Өз қолымен жүгендейтін
Арман деген ақ қозыны
Қиналмай - ақ көгендейтін
Тың идея ой іздейтін
Түнекте де түңілмейтін
Тіршіліктен мән іздейтін
Үкідеймін бұл күндері
Қараңғыда қалықтайтын
Өткенінен сабақ алып
Бүгінінен қаймықпайтын
Ертеңінен қорықпайтын
Жанға айналдым!
Өткенімді жіберем
Өкпелерімді жіберем
Мұңларымды қоса
Жан дүнием боса!